?аза?стан мемлекетт?к р?м?здер?

Уикипедия ? ашы? энциклопедиясынан алын?ан м?л?мет
Навигация?а ?ту ?здеуге ?ту

Мемлекетт?к Р?м?здер ? мемлекетт?? т?уелс?зд?г?н б?лд?рет?н символикалы? айырым белг?лер?. Мемлекетт?к Р?м?здер белг?л? б?р ма?ына берерл?к ?зара ?йлес?мде орналастырыл?ан жанды-жансыз заттарды? бейнелер?нен ??растырылады. М?ндай бейнелер ?йлес?м?нен мемлекетт??, елд?? арман-м?раты, ?з?н-?з? т?йс?ну? к?р?н?с беред?.

?аза?станны? мемлекетт?к р?м?здер? рет?нде туы , елта?басы ж?не ?н?раны жат?ызылады.

Мемлекетт?к р?м?здер т?уелс?зд?к нышаны рет?нде ерекше ?ад?рлен?п, олар?а би?к м?ртебе бер?лед?, сонды?тан да мемлекет адамдар?а мемлекетт?к р?м?здерд? ?астерлеуд? парыз етед?. Оларды? т?р-т?с? мен ресми ?олданылу т?рт?б? Конституцияда немесе конституциялы? за?да белг?ленед? ( б?л Мемлекетт?к Р?м?здерге би?к м?ртебе беред? ) ж?не за?мен ?ор?алады. Мемлекетт?к р?м?здерд? ?ад?рлеу азаматтарды? мемлекет т?уелс?зд?г?н ??рметтеуд? ны?айтып, жас?сп?р?мдерд?? отанс?йг?шт?к сез?м?н ?алыптастырады.

Мемлекетт?к р?м?здер к?не замандарда?ы ру-тайпаны ?ор?аушы болып есептелет?н тотемд?к а?-??сты? бейнелер?нен, руды?, ?улетт?? мал-м?лк?не салын?ан ен-та?баларынан шы??ан. Мы?да?ан ?скерлер со?ыс майданында жаудан ?з сарбаздарын ажырату ?ш?н айырым белг?лер?н пайдаланды. Орта?асырлы? Батыс Еуропада бет-ж?з?не дей?н тем?р сауытпен ?ымтал?ан рыцарьларды? к?м екен?н айыру ?ажетт?л?г?нен а?с?йектерд?? ?улетт?к та?басы пайда болды. Одан б?рын к?птеген к?не ?алаларды?, ?ала-мемлекеттерд?? ?з та?балары бол?аны тарихтан белг?л?. Б.з.б. 3-мы?жылды?та Шумер мемлекеттер?н?? арыстан басты ?ыран бейнеленген та?балары бол?ан. Грекияда?ы Афины ?к?с? , Коринфт?? ?анатты пыра?ы , Родосты? раушаны , Самосты? тауыс ??сы , Византияны? ек? басты ?ыраны мемлекетт?к р?м?здерге жатады. ?з?н к?к б?р?н?? ?рпа?ымыз деп санайтын т?рк? ж?рты б?р?н?? басы бейнеленген к?к байра? ?ста?ан.

?аза? хал?ында ?рб?р руды? мал-м?л?кке салатын ?з та?басы болды. Со?ыс жа?дайында межел? жерге ?рб?р руды? жаса?ы ?з руыны? та?басы салын?ан байра? ?стап, хан туыны? астына жиналатын бол?ан.

?аза?стан Елта?басы

Толы? ма?аласы: ?аза?стан елта?басы

?аза?стан Pеспубликасыны? мемлекеттiк Елта?басы ? ?аза?стан Республикасыны? негiзгi мемлекеттiк р?мiздерiнi? бiрi. ?аза?стан Республикасыны? Президент?н?? “?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттiк р?мiздерi туралы” конституциялы? за? к?шi бар Жарлы?ымен (24.1.1996) белгiленген. Р?мiздiк т?р?ыдан ?Р мемлекетт?к гербiнi? негiзi ? ша?ыра?. Ол ? елта?баны? ж?регi. Ша?ыра? ? мемлекеттi? т?п-негiзi ? отбасыны? бейнесi. Ша?ыра? ? К?н ше?берi. Айнал?ан К?н ше?берiнi? ?оз?алыста?ы суретi iспеттi, Ша?ыра? ? киiз ?йдi? к?мбезi к?шпелi т?ркiлер ?шiн ?йдi?, оша?ты? , отбасыны? бейнесi. Т?лпар ? дала д?лдiлi, ер-азаматты? с?йг?лiгi , желдей ескен ж?йрiк аты , же?iске деген жасымас жiгердi?, ?ажымас ?айратты?, м??алмас ?ажырды?, т?уелсiздiкке, бостанды??а ?мтыл?ан ??лшынысты? бейнесi. ?анатты т?лпар ? ?аза? поэзиясында?ы ке? тара?ан бейне. Ол ?ш?ыр арманны?, сам?а?ан та??ажайып жасампазды? ?иялды?, талмас талапты?, асыл м?ратты?, жа?сылы??а ??штарлы?ты? кейпi. ?анатты т?лпар Уа?ыт пен Ке?iстiктi бiрiктiредi. Ол ?лмес ?мiрдi? бейнесi. Бiр ша?ыра?ты? астында тату-т?ттi ?мiр с?ретiн ?аза?стан хал?ыны? ?сiп-?ркендеуiн, рухани байлы?ын, сан сырлы, алуан ?ырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес б?рышты ж?лдыз гербтi? т?жi iспеттi. ?рбiр адамны? жол н?с?айтын жары? ж?лдызы бар. ?аза?стан Pеспубликасыны? мемлекеттiк Елта?басыны? авторлары ? Жандарбек М?лiбеков пен Шотаман У?лиханов.

?аза?стан туы

Толы? ма?аласы: ?аза?стан туы

?аза?стан Республикасыны? мемлекеттiк Туы ? ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттiк негiзгi р?мiздердi? бiрi. ?Р Президентiнi? “?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттiк р?мiздерi туралы” конституциялы? за? к?шi бар Жарлы?ымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекетт?к ту к?гiлдiр т?стi тiк б?рышты кездеме. Оны? ортасында арайлы к?н, к?ннi? астында ?алы?та?ан ?ыран бейнеленген. А?аш сабына бекiтiлген т?ста ? ?лтты? оюлармен кестеленген тiк жола? ?рнектелген. К?н , арай , ?ыран ж?не ою-?рнек ? алтын т?стi. Туды? енi ?зынды?ыны? жартысына те?. ?Р мемлекетт?к туыны? авторы ? суретшi Ш?кен Ниязбеков . Бiры??ай к?к-к?гiлдiр т?с т?бедегi б?лтсыз ашы? аспанны? биiк к?мбезiн елестетедi ж?не ?аза?стан хал?ыны? бiрлiк, ынтыма? жолына адалды?ын а??артады. Б?лтсыз к?к аспан барлы? халы?тарда ?р?ашан да бейбiтшiлiктi?, тынышты? пен жа?сылы?ты? нышаны бол?ан. Геральдика (гербтану) тiлiнде ? к?к т?с ж?не оны? т?рлi ре?кi адалды?, сенiмдiлiк, ?мiт сия?ты адамгершiлiк ?асиеттерге сай келедi. Ежелгi т?ркi тiлiнде “к?к” с?зi аспан деген ??ымды бiлдiредi. К?к т?с т?ркi халы?тары ?шiн ?асиеттi ??ым. Т?ркi ж?не ?лемнi? ?зге де халы?тарында?ы к?к т?стi? м?дени-семиотикалы? тарихына с?йене отырып, мемлекетт?к туда?ы к?гiлдiр т?с ?аза?стан хал?ыны? жа?а мемлекеттiлiкке ?мтыл?ан ниет-тiлегiнi? тазалы?ын, ас?а?ты?ын к?рсетедi деп ?орыту?а болады. Н?р?а малын?ан алтын к?н тынышты? пен байлы?ты бейнелейдi. К?н ? ?оз?алыс, даму, ?сiп-?ркендеудi? ж?не ?мiрдi? белгiсi. К?н ? уа?ыт, замана бейнесi. ?анатын жай?ан ?ыран ??с ? бар н?рсенi? бастауындай, билiк, айбындылы? бейнесi. ?лан-байта? ке?iстiкте ?алы?та?ан ?ыран ?Р-ны? еркiндiк с?йгiш ас?а? рухын, ?аза? хал?ыны? жан-д?ниесiнi? ке?дiгiн паш етедi.

?аза?стан ?н?раны

Толы? ма?аласы: ?аза?стан ?н?раны
?аза?стан Республикасыны? мемлекетт?к ?н?раны

?аза?станны? ≪ Мен?? ?аза?станым≫ атты ?аз?рг? ?н?раны 2006 жылды? ?а?тарында ?абылдан?ан. Ол танымал аттас ?ле?ге нег?зделген ед?. ?н?ранны? с?з?н жаз?ан авторы ? Ж?мекен Н?ж?меденов ж?не композиторы ? Ш?мш? ?алдая?ов .

Жамал Омарованы? орындауында?ы ≪Мен?? ?аза?станым≫ ?н?

Р?м?здер туралы за?нама

1993 ж. ?аза?стан Конституциясы бойынша "республика азаматы мемлекетт?к р?м?здерд? ? Елта?ба, Ту, ?н?ранды ??рметтеуге м?ндетт?" (31-бап). 1995 жылы жа?а Конституция ?абылдан?аннан кей?н, 1996 жылды? 24 ?а?тарында президентт? Жарлы? рет?нде республиканы? р?м?здер? туралы б?ры??ай Конституциялы? за? шы?арылды, ол 2007 жылды? 4 маусымында жа?а "мемлекетт?к р?м?здер туралы"Конституциялы? за??а ауыстырылды.

?ылмысты? кодексте мемлекетт?к р?м?здерд? ?орла?аны ?ш?н жауапкерш?л?к белг?ленген:

317-бап. ?аза?стан Республикасыны? Мемлекетт?к р?м?здер?н ?орлау

?аза?стан Республикасыны? Мемлекетт?к р?м?здер?н ?орлау ? б?р мы?нан ек? мы? айлы? есепт?к к?рсетк?шке дей?нг? м?лшерде айыпп?л салу?а немесе б?р жыл?а дей?нг? мерз?мге бас бостанды?ын шектеуге не д?л сол мерз?мге бас бостанды?ынан айыру?а жазаланады.

? ?аза?стан Республикасыны? ?ылмысты? Кодекс? [1]

Дерекк?здер

  1. ≪?аза?стан Республикасыны? мемлекетт?к р?м?здер? туралы≫. ?аза?стан Республикасыны? 2007 жыл?ы 4 маусымда?ы N 258 Конституциялы? за?ы

Сырт?ы с?лтемелер