Ислам д?н?ндег? д?ни лауазымдар мен ата?тар

Уикипедия ? ашы? энциклопедиясынан алын?ан м?л?мет
( Мухаддис бет?нен ба?ытталды)
Навигация?а ?ту ?здеуге ?ту

Д?ни лауазымдар мен ата?тар - ?рб?р д?ндег? ?шк? ??рылымды? ерекшел?ктерге ?арай сатыланатын ?ызметтер мен ата?тар. ?р д?ндег? нег?зг? ?станымдар?а орай д?ни лауазымдар мен ата?тар ?р ?илы. Ислам д?н?ндег? д?ни лауазымдар мен ата?тар:

Ахун [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

Ахун ( парсы : ?????? ‎) ? 1. м?сылманды? д?ни лауазым. 2. баулушы, ?стаз. # 18 ?асырды? ек?нш? жартысынан бастап ?аза? даласында ?олданыл?ан д?ни лауазым. Орта Азияны билеген Б?хар ханды?ыны? т?сында ислам ??ламаларыны? е? жо?ар?ы лауазымы болды. 1860 жылы Л.Толстойды? ?абылдауында бол?ан ?аза? м?фти? У?й?с ??ламаны? ек?нш? лауазымы ? Ахун М?фтид?? шари?ат нег?з?нде айтыл?ан фатуасы Ахунны? кел?с?м?нс?з ж?зеге асырылма?ан. ?аз?рг? кезде Ахун деген д?ни лауазымны? орнына наиб м?фти лауазымы енд?р?лген. [1]

  1. халы?ты? д?ни сауатын ашып, д?ни ??рыпты? ?ызметт? ат?аратын д?н о?ымыстысы, м?сылман ??ламасына бер?лет?н ата?. ?аза? д?ст?рл? ?о?амында Ахун Алла разылы?ы ?ш?н халы?ты? д?ни с?ранысына лайы?ты ?ызмет ат?ар?ан, уа?ыз-насихат айтып, халы??а д?н а?и?атын т?с?нд?рген. Олар ауыл балаларыны? д?ни сауатын ашып, сондай-а? шари?атты? шарттарын, ??лшылы? ?ибадатты? ж?н-жосы?ын ?йреткен. ?о?ам ?м?р?ндег? ?р т?рл? жиын-тойларда, жаназа, астарда д?ни ??рыпты? ?ызмет ат?ар?ан. Ахун ?детте белг?л? б?р д?ни ??лама ?стаздардан, ата?ты медреселерден ?л?м ал?ан о?ымыстылар бол?ан, халы??а д?ни а?артушылы? ?ызмет жаса?анды?тан ?з?н?? б?л?мдер?н ?нем? жет?лд?р?п отыр?ан [2] [3] .


Аятолла [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Аятолла [3] ( араб. : ??? ???? ‎, парсы : ???????? ‎ Алланы? белг?с?, нышаны) ? м?сылман д?н?н?? шиитт?к саласында жолын ?у?ан, артынан ерген ш?к?рттер? бар ?алым-д?ндарды? е? жо?ары рухани лауазымы. ??ым XIX ?асырды? ек?нш? жартысында пайда бол?ан. Мысалы, Иранда б?рнеше ж?з аятолла бар. Оны? ?ш?нде б?рнеше д?ни ?ызметкерд?? "?лы" деген ата?ы бар. Алайда Иран т?рт?б?н?? к?сем? Хомейни б?л ата?ты беруге шектеу ?ойып, оны шешуд? ?з ??зырына ?алдырды. [4]

Дамолла [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Дамолла ( араб . - билеуш?, мырза) ? Ислам д?н?н насихаттаушыларды?, меш?т пен медресе о?ытушыларыны? д?ни лауазымы. Дамолла Исламды насихаттау?а с???рген е?бег?не, д?ни б?л?м д?режес?не ?арай д?ни ?ауымдасты? сайлады. ?аза? аудандарында Ке?ес ?к?мет? толы? орна?ан?а дей?н медресе ?стап, халы??а д?ни-рухани б?л?м бер?п, ?стазды? еткен Дамоллалар к?п бол?ан. Мысалы ел билеп, халы??а аса сыйлы бол?ан, Ке?ес ?к?мет?н?? жерг?л?кт? тер?с саясатына ?арсы ?ол бастап, ?аз?рг? ?ызылорда облысы, ?арма?шы ???р?нде к?тер?л?с басшысы бол?ан ?аза?станда?ы белг?л?, беделд? со??ы Дамолланы? б?р? ? А?мырза ишан . Ол со?ына ≪Хадистер≫ , сондай-а? Исламны? м?н?, парыз- с?ннеттер? , ?дет-?деп, жолжорасы туралы таратылып жазыл?ан ?аза? т?л?ндег? ≪Т?рк? Иман≫ атты ма?ызы зор ?олжазба м?ра ?алдыр?ан б?л?мдар, о?ымысты адам бол?ан. [5]

?азы [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • ?азы ? м?сылманды? сот м?ндет?н ат?арушы, т?реш?. Оларды шари?атты? ???ы? нег?з?нде азаматты? ж?не ?ылмысты? ?стерд? ?арау ?ш?н м?сылман елдер?н?? жо?ар?ы ?к?мет? та?айында?ан. XX ?-ды? басына дей?н ?аза?станны? о?т. ???р?нде ≪бас ?азы≫ ж?не жерг?л?кт? жерлерде о?ан ба?ынышты к?мекш? тергеуш?лер ≪?з?м молдалар≫ бол?ан. Олар шари?ат за?дылы?ыны? са?талуын, ?дет-??рыпты? д?йект? орындалуын ба?ылау?а, ал ?ажетт? жа?дайда ти?ст? шара ?олдану?а ???ылы болды.

Имам [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Имам ? намаз кез?нде алда т?ратын адам, рухани жетекш?, м?сылман ?ауымыны? басшысы. К?ндел?кт? ?м?рде имам деп меш?тте к?пш?л?к болып намаз о?уды баскаратын жетекш?н? атайды..

Муаззин (азаншы) [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Муаззин ? азан ша?ырушыны? лауазымы. Муаззинн?? ?ш м?ндет? бар: д?ндарларды жиып, имамды ша?ырады, намазды? басталуы туралы хабар беред?.

Муджта?ид [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Муджта?ид ? фи?? (Ислам ???ы?ы) ?ылымыны? б?лг?р?, ?к?м шы?ару?а х??ылы д?ни ??лама. Ислам д?ст?р?нде муджта?ид рет?нде сахабалар (М?хаммед пай?амбар?а ергендер) мен таби?индер (сахабаларды к?ргендер) танылды. С?ннитт?к исламда б?л д?режеге 4 маз?абты? фа?и?-??ламалары, оларды? ш?к?рттер? ие болды.

Мухаддис [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

Мухаддис (араб.: ?????) ? хадистерд? тере? зерттеп, баянда?ан ?алым.

Мухтасиб [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Мухтасиб (араб. - ≪хисбаны ат?арушы≫) ? м?сылманды?ты? моральд?к нормаларын ашы?тан-ашы? б?зушылы??а жол бермей, т?зу жол?а ба?ыттап отыратын д?ни лауазым иес?.

М?рид [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • М?рид ? ?з ерк?мен тари?ат жолына т?суш? ш?к?рт; м?ршидке (?стазына) ≪?ол тапсырушы≫; сопылы? бауырласты??а немесе к?с?п б?рлест?г?не м?ше болып, рухани жет?луд?? ал?аш?ы сатысында т?р?ан адам. Сопылы?та м?рид пен м?ршид ?арым-?атынасы, я?ни рухани мектеп ?лкен р?л ат?ар?ан. Тари?ат жолына ?адам басушы м?рид, алдымен, шариат шарттарын, исламны? ?арапайым ахла?ты?, этикалы? ?а?идаларын ?стануы, орындауы ?ажет. Ш?к?ртт?? сопылы? жол?а т?су? ?шк? рухани ?зден?стер н?тижес?нде болады. М?ридт?кке ?абылдау р?с?мдер? о?ан арнайы ки?м ?сыну, Ха? жолын ерк?мен ?алап, т?убеге келу? жайлы ант беру, та?ы бас?а ар?ылы ?ткен. М?ршид м?ридке арнал?ан (жеке орындайтын) ??пия з?к?рд? белг?леп, оны бауырласты?ты? ?шк? ережелер?мен таныстырады. М?рид ?стазымен рухани ?ндест?кке жетуд? ?алайды, о?ан толы?тай мойынс?нады. М?ридт?? рухани к?р?птарлы?ы ?стаздан т?л?м-т?рбие алып, дербес жол табу алдында?ы уа?ытша ??былыс саналады. [6]

П?р?дар [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • П?р?дар ? д?нге бер?л?п, д?н жолын ?у?ан сопы. Кейб?р т?с?нд?рмелерде п?р?дар деп п?рге барып, ?ол бер?п келген к?с?н? атайды. Киел?, ?асиетт?, Алла?ты? ?ам?орлы?ына ие бол?ан адам деген ??ымды б?лд?ред?.

?ажы [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • ?ажы ? Ислам д?н?н?? бес парызыны? б?р? ?ажылы? парызын ?теген м?сылман.

Фа?и? [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Фа?и? ? (араб. - б?л?мд?) - д?н за?гер?, ??ран с?з?н?? б?лг?р?.

Хаз?рет [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Хаз?рет (?аз?рет, ?з?рет) ? д?ни лауазым . Жо?ары д?режел? д?н иелер?не бер?лед?. М?хаммед пай?амбардан ? кей?нг? 4 халифаны? б?р? ?ли ?аза??а ≪Хаз?рет? ?ли≫ деген атпен м?л?м. Хаз?рет лауазымы айма?ты? д?ни бас?арма ?к?л?не де бер?лген [3] .

Х?к?м [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Хак?м , хаким ? даулы м?селен? шешет?н т?уелс?з т?реш?.

Шейх [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Шейх (араб.: ????) ? ?ария, а?са?ал, ?арт адам; тайпаны?, руды?, ?улетт?? а?са?алы; Арабияда?ы тайпа басшысыны? лауазымы. Шейх атауы д?ни ?айраткерлерге, д?ни п?ндер б?л?мпаздарына, сопылы? бауырласты?тар мен сауда-?ол?нер сер?ктест?г? басшыларына, ?стаздар?а ?атысты айтылатын ??рметт? ата?.

Халифа [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  • Халифа ? Алла? елш?с?н?? ? орнын басушы, м?сылман ?ауымыны? бас нес? ж?не сопылы? бауырласты? нег?з?н салушы?а немесе басшыны? т?келей орынбасарына бер?лет?н ата?. [3]

Дерекк?здер [ ??деу ?| ?айнарын ??деу ]

  1. ≪?аза?стан≫: ?лтты? энциклопедия / Бас редактор ?. Нысанбаев ? Алматы ≪ ?аза? энциклопедиясы≫ Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 , I том
  2. [[ Ма??ыстау энциклопедиясы ]], Алматы, 1997;
  3. a b c d Ислам. Энциклопедиялы? аны?тамалы?. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  4. Саяси т?с?нд?рме с?зд?к. ? Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  5. Ислам. Энциклопедиялы? аны?тамалы?. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  6. "?аза? энциклопедиясы - VI"